Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматыдағы жұмысшы өлімі: Полиция түсінік берді

2019 жылдың 18 маусым 2019 19:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы құрылысшы өліміне қатысты полиция түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға Абай мен Брусиловский көшелерінің қиылысында салынып жатқан үйде болған.

«Жұмысшы жерде дәнекерлеу жұмыстарын жасап жатқан. Сол сәтте кран бетон қоспасы құйылған ыдысты көтеріп келе жатып, тросс үзіліп кетіп, жұмысшының үстіне құлаған. Дәнекерлеуші сол жерде көз жұмған»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, қайғылы оқиға туралы мұның алдында хабарлаған болатынбыз.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай