Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Алматыдағы Жазушылар үйі күрделі жөндеуден өтеді

2019 жылдың 16 тамыз 2019 16:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл. Осы айтулы мерекеге орай Алматыдағы Жазушылар үйі күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram-ғы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланың Жазушылар одағының мүшелерімен — прозашылар, ақындармен кездестім»,-деп жазды қала басшысы.

«Мәдениет пен тіл, ұлттың рухани даму тұрғысына қатысты келелі әңгіме болды. Биыл Жазушылар одағына 85 жыл толады. Осыған орай қала әкімдігі ұлттық әдебиет пен шығармашылықтың тарихи әрі рухани символы саналатын Жазушылар үйіне жүргізілетін жөндеу жұмыстарын өз мойнына алды. Жыл сайын әдеби-жанрлық конкурстар өткізуді бастаймыз. Бұл ретте ең үздік шығармаларды одақ мүшелері — жазушылар мен ақындар өздері таңдайды. Қаламыздың шығармашылық қоғамдастығын одан әрі қолдап, қолдау көрсететін боламыз»,- деп атап өтеді Бақытжан Сағынтаев.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әдебиет, Әкім, Алматы,
Жоғары қарай