Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматыдағы тиін бұзылатын болды

2019 жылдың 8 қараша 2019 19:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Атакенттегі алып тиін бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін арт нысанның «ертеңі» туралы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашев айтты.

«Тиінді өртейміз деген шешім бар еді. Бірақ, өртемедік. Аудан әкіміне арт нысанды бұзу туралы тапсырма берілді. Жалпы жартылай қираған, эстетикалық түрін жоғалтқан барлық шағын архитектуралық пішіндер бұзылады. Бұл қала әкімінің тікелей тапсырмасы. Жақында көптеген арт нысандардың, кіші архитектуралық пішіндердің аудиті жасалды. Қаланың келбетіне нұқсан келтіретін нысандар суретке түсірілді», - деді Эрнар Құрмашев.

Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаладағы әрбір арт нысанды орнатарда көркемдік кеңес шақырылатын болады.

Бұған дейін қала билігі Атакенттегі тиіннің түрі өзгеретінін хабарлаған болатын.

Жоғары қарай