Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алматыдағы тауда жасанды қар көшкіні жүргізілді

2020 жылдың 19 ақпан 2020 16:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы тауда жасанды қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кіші Алматы өзенінінің бассейнінде қар көшкіні жүріп кетпес үшін және «Шымбұлақ» аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды қар көшкінін жүргізу шарасы ұйымдастырылды. Бұл «Қазгидромет» РМК-ның 17 ақпандағы ұсынысы негізінде қолға алынған «Қазселденқорғау» ММ алдын алу бойынша профилактикалық шарасы»,- делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада.







Жасанды көшкін кезінде көлемі 15 мың текше метр қар массасы тау етегіне түсті. Профилактикалық қар көшкінін түсіру кезінде ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ.

Қар көшкінін түсіру жұмысына «Қазселденқорғау» ММ, «Нартас» ЖШС мамандары жұмылдырылды. Оны Алматы қаласы ТЖД, «Қазгидромет» РМК, «География институты», «Апаттар медицинасы орталығы» ММ өкілдері бақылап, қадағалады.

Бұған дейін, құтқарушылар Алматыдағы тауларда қар көшкіні жүру қаупі бар екендігін ескерткен болатын.














Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Ауа райы, Алматы,
Жоғары қарай