Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Алматыдағы Mizam базары мәжбүрлі түрде сүріле бастады

2019 жылдың 19 маусым 2019 16:41 670

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Mizam базары мәжбүрлі түрде сүріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Қалалық  әкімдіктің хабарлауынша,  2018 жылдың 13 желтоқсанда Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «СеверТал» ЖШС-не   заңсыз салынған «Mizam»  сауда базарын бұзу  туралы талап арыз түсірген.

«Мұндай арыз берудің өзіндік себептері бар. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс жүргізген  тексеру кезінде бірнеше заң бұзушылық анықтаған»,-делінген хабарламада.

Сот  «Mizam» базарының құрылысы заңсыз жүргізілген деп  шешім шығарды.  

«10  маусымда сот орындаушылар «Mizam»  сауда базарының иесіне сот шешімі туралы хабарламаны тапсырды.  Сот актісінде көрсетілгендей кәсіпкер 17 маусымға дейін базарды бұзуы тиіс еді, олай болмаған жағдайда 19 маусымда  мәжбүрлі түрде сүріледі»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін базар иесіне  1,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, қала басшылығы жалдамалы 1,3 га және 4,05 га екі жер теліміне қатысты келісімшартты бұзуды қарастырып жатыр.

 

 

 

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Құрылыс, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай