Ауа райы
Нұр-Сұлтан 0 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Алматыдағы балалар алаңында ер адам өзіне қол жұмсады

2019 жылдың 21 мамыр 2019 14:54 1078

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы өзенінің жағасындағы балалар алаңында ер адам өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

55 жастағы ер адам өзіне қол жұмсамас бұрын хат жазып қалдырып кеткен. Оқиға орнындағы фотосурет әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайды растап отыр.

«Аталмыш дерек 20 мамыр күні Алматы қаласының Бостандық ауданында тіркелді. 1964 жылғы алматылық өзіне қол жұмсап, қаза тапты. Соңына хат қалдырып кеткен. Оның бұл қадамға бару себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай