Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Алматыдағы ауруханадан коронавирус жұқтырған тағы бір азамат емделіп шықты

2020 жылдың 27 наурыз 2020 18:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 жұқтырған тағы бір науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл науқас 13 наурыз күні түнде Алматыға Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Ол вирусқа қарсы емді және терапияның толық курсын алды. Ауруы жеңіл түрде өтті. Емдеу кезінде жағдайы нашарламады. Қазір ол 14 күнге үй карантинге жіберілді.

Еске салайық, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, борт толықтай, 12 адам, соның ішінде экипаж мүшелері оқшауландырылып, инфекциялық стационарға карантинге жатқызылған. Ертең соңғы анализдер расталғаннан кейін тағы бір науқас шығарылады. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 12 жастағы қыз.


Басты сөздер: Алматы, Медицина, Коронавирус,
Жоғары қарай