Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының кейбір бөліктері жабылатын болды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 10:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 23 ақпан күні Әл-Фараби даңғылында Қысқы жүгіру шарасы өтеді. Осыған байланысты сағат 8.00-ден 11.30-ға дейін кейбір жолдарда автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Назарбаев даңғылынан Батыс желтоқсан көшесіне дейін батыс бағытта Әл-Фараби даңғылымен өтетін қозғалыс 6.00-ден 8.00-ге дейін жабылады. 8.00-ге дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылының астымен өтетін жерасты жолымен жүруге болады.

8.00-ден 11.30-ға дейін Әл-Фараби даңғылынан батыс бағыттағы қозғалыс (төменгі бөлік) Назарбаев даңғылынан Гагарин көшесіне дейін толығымен жабылады. Автокөлік түрлерінің қозғалысы үшін Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі ашық болады.

Адамдар көшелерден жүгіріп өткеннен кейін олар ретімен ашыла береді.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңындағы мәре-сөре қалашығына қалашығына Қозыбаев көшесі немесе Батыс Желтоқсан көшесі арқылы кіруге болады. Сонымен қатар Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта жүретін автобустармен келу мүмкіндігі бар.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, 23 ақпан күні әл-Фараби даңғылымен жүретін жолын жоспарлап алуға шақырамыз», - дейді ұйымдастырушылар.


Еламан Тұрысбеков


Басты сөздер: Алматы, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай