Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Алматыдағы 2 базарда автобөлшектерді құжатсыз қабылдап, сатқандар анықталды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 15:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция ұрланған мүлікті сату бойынша қылмыстылықты азайту мақсатында «Кар сити» және «Жібек жолы» автобазарларында рейд жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел профилактикалық шара барысында 293 дүңгіршек тексерілді.

Бұл нүктелерде ұсталған автобөлшектер саудаланып келген.

«Полиция барлық дүңгіршекті мұқият тексеріп жатыр. Әсіресе, бұрын қолданыста болған мүліктерді сататын саудагерлер жіті бақылауға алынды. Саудасындағы кейбір бөлшектердің меншіктік құжаттарын көрсете алмаған саудагерлердің автобөлшектері тәркіленіп алынды. Ары қарай тергеу барысында бұл бөлшектердің ұрланғаны анықталса, онда сатушы ҚР ҚК 296-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Жүргізілген рейд барысында 3 бүйір айнасы, 20 аккумулятор, 4 фара, 10 бұрылыс жарығы тәркіленді. Бұл бұйымдар Алатау және Әуезов ауданы полиция басқармасына өткізілді.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Көлік, ҚР ІІМ, Алматы,
Жоғары қарай