Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ азамат полиция қызметкерлерінен қашпақ болды

2019 жылдың 17 қараша 2019 22:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ азамат полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram желісінде полиция қызметкерлерінің аталмыш көлікті қалай қуып, жетіп ұстаған видеосы жарияланды. Онда өте үлкен жылдамдықпен кетіп бара жатқан көліктің соңына үш полиция көлігі түскені бейнеленген.

Қалалық Полиция департаментінің өкілдері аталмыш оқиғаның шығыс айналмалы автомобиль жолының бойында болғандығын айтты.

«Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі ескертуін елемей, керісінше, жылдамдықты қоса түскен. Осыған байланыстың оның соңына бірнеше полиция көлігі түсіп, көлікті қоршауға алып, оның одан әрі қозғалысына жол бермеді. Жүргізуші қолға түскен соң оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, 5 хаттама толтырылды. Оның ішінде көлікті жүргізуші куәлігі жоқ азаматқа беру фактісі бар. Бұдан соң, жүргізуші полицияның ескертуінен соң бірен тоқтауы қажет болатын. Оның мемлекеттік нөмірі талапқа сай емес болып шықты. Сонымен қатар заң бұзушы арнайы белгі бермей, яғни қауіпсіздікті сақтамастан маневр жасады, жол белгілеріне қатысты талаптарды да орындамаған»,-деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғары қарай