Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Алматыда жол тәртібін бұзған 43 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 18:33 509

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері түнгі рейд жүргізіп, 43 автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, тек бір түн ішінде мамандандырылған полиция әкімшілігі басқармасының батальоны автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін - 4 хаттама, тіркеу нөмірсіз көлік жүргізгені үшін - 8 хаттама толтырды. Түнгі жұмыстардың басты мақсаты - жол тәртібін өрескел бұзу фактілерін анықтау.

«Қалада күнделікті жол тәртібі бұзылады. Кейде оның соңы өліммен де аяқталады. Өкінішке қарай, кей жүргізушілердің мәдениеті мен жауапкершілігі көңілге қаяу түсіреді. Әр адам өзінің және қоғамның қауіпсіздігін ойлап, сол үшін өзі жауап беретінін білуі тиіс. Осындай рейдтер қарқынды түрде, жол ережелерінің бұзылмайтынына көзіміз жеткенше жүргізілетін болады», - деді қалалық полиция.

Жол тәртібін жиі бұзатындар арасында жол сызықтарын кесіп, апаттық жағдай туғызатындар бар. Соның нәтижесінде жалпы саны 43 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілген.

Айталық, әл-Фараби даңғылында көлігінің барлық терезесін қараңғылап алған «Фольксваген Пассат» көлігі көзге түсті. Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші терезелерін неге қараңғылағанын түсіндіре алмады. Сол жерде тәртіп бұзушыға айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.


null 

Сондай-ақ, экипаж маневр жасап, тәртіп бұзғаны үшін «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші бір қатардан екінші қатарға бұрылыс көрсеткіштерін қоспай, бейберекет ауысып отырды. Ал түн жарымында  инспекторлар мас жүргізушіні тоқтатты. Аяғын әрең басып тұрған жігітті полицейлер медициналық сараптамадан өткізуге алып кетті. Нарколог дәрігердің айтуынша, ол орта дәрежеде мас болған. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оны көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жұмыстар бірінші кезекте жол апаттарының алдын алу мен жолдағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. 



null 

null 

 

Еламан Тұрысбеков 

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай