Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

2019 жылдың 19 шілде 2019 18:35 245

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматының «Шапағат» шағынауданында жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы ТЖД сілтеме жасап.

Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші пультіне Алатау ауданы, «Шапағат» мөлтекауданының Градокомплекс көшесіндегі №11 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін саған 14:47-де түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры жанып жатқан.

Қызыл жалынды сөндіру барысында сыйымдылығы 25 литр 7 газ баллоны сыртқа шығарылды.



Өрт 15:35-те толықтай сөндірілді.

Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіру жасағы дер кезінде келгендіктен, жақын маңда орналасқан үйлерді жалын шарпыған жоқ. Ешкім зардап шекпеді.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 23 маманы мен 6 арнайы техникасы тартылды.

Жоғары қарай