Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған аспалы жолдар жөнделмек

2018 жылдың 14 маусым 2018 18:01 587

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті жолдарын жөндеу қолға алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Алматыда 69 жерүсті жолы бар. Жетісу ауданында - 19, Алатау ауданында - 18, Медеу ауданында - 12, Бостандық ауданында - 7, Әуезов ауданында - 5, Түрксіб ауданында - 4, Наурызбай ауданында - 3, Алмалы ауданында -1 көпір бар.

Олардың 50-і ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған платформалармен, көтергіштермен жабдықталған.

«Қала көшелеріндегі бұзақылық деректерінің кесірінен 26 жерүсті жолында 56 көтергіш істен шыққан. Басқарма мен әкімдіктің біріге отырып, эскиз жобасы мен жөндеу жұмыстарының бірыңғай тұжырымдамасы жасалды. Алдағы күні металл баспалдақтың жақтауларын бірыңғай түске бояу, әйнектен жасалған жақтауларды металға ауыстыру, жүретін жолда асфальт бетон жабынды төсеу, көтергіш лифтілерді жөндеу жоспарланған»,- деді әкімдіктен арнайы сауалға жауап ретінде.

Биыл барлығы 69 жерүсті жолы жөнделеді. Оның ішінде былтыр ғана салынған 7 жаяу жүргін көпірі мердігер компаниялар қаржысына жөнделетін болады.

Жөндеу жұмыстары шілдеде басталады.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс,
Жоғары қарай