Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Алматыда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты

2020 жылдың 16 ақпан 2020 12:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мегаполисті қардан тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнгі сағат 03:00 шамасында Алматының төменгі бөлігінде жаңбыр жауып, бір сағаттан кейін оның арты қарға ұласты.

«Жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға көктайғаққа қарсы материалдар шашылды. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, қала көшелеріне 3073 тонна материал пайдаланылды.




Сағат 05:00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қарды күреу жұмыстарына 597 бірлік техника мен 1668 жол жұмысшысы жұмылдырылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Қаланың жоғарғы бөлігінде қар 15 см-ге дейін, таулы аудандарда 25 см-ге дейін түсті.


Жоғары қарай