Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 356.54
EUR 419.43
RUB 5.42
CNY 51.86

Алматыда жағдайы нашарлап кеткен жүргізуші жол апатына себепкер болды

2018 жылдың 19 маусым 2018 10:50 755

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік тізгінінде келе жатып денсаулығы күрт сыр берген жүргізушісі жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Т.Рысқұлов көшесінің бойында Қазыбаев көшесіне жақын тұста болған.

Митцубиси Space Wagon пен Тойота Rav4 көлігі шығысқа қарай кетіп бара жатқан. Сәлден соң Rav4 көлігін артқы жағынан Митцубиси екі рет соққан. Содан соң Митцубиси ортадағы бордюрге шығып кетіп, жол бойындағы екі белгіні қиратып барып тоқтаған.

Кроссовер жүргізушісінің мәлімдеуінше, Митцубиси көлігінде екі ер адам болған. Көліктегі жолаушы жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем Митцубиси жүргізушісін ауруханаға алып кетті.

Жол апатының кесірінен Т.Рысқұлов көшесінде кептеліс пайда болды.


null

null

null

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Көлік,
Жоғары қарай