Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Алматыда жабайы сауда орындары жойылады

2019 жылдың 16 тамыз 2019 15:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласы Жетісу ауданының көшелеріндегі жабайы сауда жойылады, бұл туралы аудан әкімі Мақсат Қиқымов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Жетісу ауданының аумағындағы жабайы саудаға тосқауыл қоюды бастадық. Ірі сауда дүкендер мен базарлардың маңында стихиялық сауда қызып тұр. Орталық көше бойында саудагерлер қолдан жасаған сөрелерінің үстіне тауарларын тізіп қойған. Сауда орны антисанитариялық жағдайда. Жан-жағы қоқысқа толы. Жабайы сауда орындарындағы бақша дақылдары мен сүт,ет өнімдері санитарлық талапқа сай емес.Сатушылар жеке гигиеналық тазалықты сақтамаған. Оларда медициналық тексеруден өткендігін дәлелдейтін медицина кітапшалары болмай шықты. Сауда жасауға берілетін рұқсат құжаттары да жоқ. Олар үй жағдайында дайындалған азық-түлік пен сусындар сатып отыр»,- деп жазды Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, жабайы сауданы жою шаралары Алматының басқа аудандарында да жүріп жатыр.








Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкімдік, Экология, Алматы,
Жоғары қарай