Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматыда үш адам өліміне күдікті жүргізушісі қамалды

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 19:08 1930

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - ҚР ІІМ Алматыда үш адамның өмірін қиған  жол апатына күдікті Gelandewagen жүргізушісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Gelandewagen...  көлігіне қатысты. Жол апатына себепкер болған күдікті қазір сот санкциясымен ұсталды. Ол уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз ",- деді Орталық коммуникация қызметінен.

 Айта кету керек, жол апаты 29 желтоқсанда болды. Сейфуллин мен Абай көшелерінің қиылысында Mitsubishi Galant пен «Mercedes Benz G-55» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан Mitsubishi Galant көлігінде болған үш адам, белгілі актриса Шолпан Елгезек пен оның құрбысы және Mitsubishi Galant жүргізушісі көз жұмды.

Ал, көлікте болған актриса, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының тележүргізуші Айзада Сатыбалдиева алты қабырғасы сынып аса ауыр халде Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген еді. 

Жол апатына кінәлі «Mercedes Benz G-55» жүргізушісі көп ұзамай ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ер адам көлікті мас күйінде жүргізген.  

 

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай