Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Алматыда ұрланған телефондардың IMEI кодын ауыстырып сататындар ұсталды

2019 жылдың 25 қазан 2019 21:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыдағы сауда орталықтарының сатушылары ұрланған телефондардың IMEI-кодын өзгертіп, сатып келген. Мұндай ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қазан күні тәртіп сақшылары «Мегатау» және «Аэровокзал» сауда орталықтарында рейдтік шаралар өткізді. Оның барысында сатушылар ұрланған телефондардың IMEI-кодын өзгертіп, сатып келгендігі анықталған.

«Аталған фактілер бойынша ҚР ҚҚ-нің 213-бабы 3-бөлігімен (Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату) іс қозғалды. Күдікке ілінген саудагерлер туралы ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды», - делінген таратылған мәліметте.

Жоғары қарай