Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Алматыда ұлттық спортты дамыту мәселесі талқыланды

2019 жылдың 11 сәуір 2019 21:55 1258

 Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Сұңқар» шаңғы трамплині кешенінде ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы І Азия чемпионаты мен Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» атты ІІ Халықаралық этноспорт форумына орай баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, шара барысында Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Кенжеболатов, Алматы облысы Спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, сондай-ақ ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай аталмыш шаралардың дайындық жұмыстарына тоқталып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

- Жастар арасындағы І Азия чемпионатына тек еліміздің емес, бірқатар мемлекеттердің ең таңдаулы, жас та болса тәжірибелі спортшылары қатысады. Бұл әсіресе Ұлттық спорт түрлерінің кең қанат жаюына, жас мамандардың тәжірибе алмасуына,шыңдалуына ерекше серпін береді», - деді Н.Теңізбаев.

null 

Ал өз кезегінде Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Кенжеболатов «әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150-ден астам этноспорт делегациялары қатысады деп күтілген. Оның ішінде спорт министрлігі басшылары, ұлттық спорттың майталмандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар, тәжірибелі төрешілер, мықты спортшылар мен қоғам қайраткерлері қатысады. Қазір осыншама қонақтарды күтіп алу үшін, форумның жоғары деңгейде өтуі үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр», - деп атап өтті.

Содай-ақ, «жастар арасында болатын І Азия чемпионаты, Алматы қаласында өтетін Халықаралық этноспорт форумы да барлығымыз үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктері осы екі шараға да үлкен қолдау білдіріп отыр. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Бүкіләлемдік этноспорт қауымдастығы, TIKA агенттігінің де қамқорлығын көріп отырмыз. Қалай десек те әлеумет үшін, шет елден келетін құрметті қонақтар үшін де жақсы жағдай жасауымыз тиіс», - деп атап өтті  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.

null 

Айта кетейік, 16-21 сәуірге белгіленген чемпионат көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спорт түрлерінен Алматы қаласы маңындағы «Байсерке-Агро» атшабарында өтеді. Азияның 10 елінің құрама командаларының қатысуымен өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Венгрия, Түркия, Малайзия мемлекеттерінің үздік спортшы жастары І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Ал, 20-21 сәуірде «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумы өтеді. Халықаралық шаралардың Бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған жарыста ел намысын қорғайтын спортшыларды таныстырып кеткен болатынбыз.



null 

 

Автор: Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Алматы, Әкімдік, Спорт,
Жоғары қарай