Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда ҮЕҰ-ға әлеуметтік жобаларды іске асыруды жандандыру ұсынылды

2019 жылдың 8 қараша 2019 09:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің азаматтық секторымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге 80-нен астам ҮЕҰ өкілдері келді. Жиынның басты мақсаты -әлеуметтік саланы жақсарту, сондай-ақ алматылықтардың, әсіресе көмекке мұқтаж адамдардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі жобаларды пысықтау.

«Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыны «шетсіз қала» қағидаты бойынша дамыту жоспарын жүзеге асыруда негізгі басымдықты қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылымды құруға бағыттауды айтқан еді. Бұл – қалаға жаңадан қосылған ықшамаудандарға қатысты»,- деді Ержан Бабақұмаров.




Сонымен қатар, азаматтық белсенділердің қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді қалалық ортаны ұйымдастыруға өз үлесін қосуға жағдайлары жеткілікті.

Осы бағыттар бойынша «Almaty Azamattyk Alyansy» ЗТБ төрағасы Константин Авершин, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қорының директоры Алтынай Көбеева, «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова, «Арди» ҚБ төрайымы Әсия Ахтанова, «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ басшысы Али Аманбаев, «ҚР диабеттік ағартушылық қоры» ҚҚ атқарушы директоры Наталья Тукалевская және т. б. өз ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, азаматтық сектор өкілдеріне қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарды қолдау бойынша қызметті күшейту ұсынылды.




Жоғары қарай