Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтеді

2019 жылдың 18 маусым 2019 15:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2019 жылдың 3-4 тамызында тиратлоннан халықаралық ASTC Asian Cup ASTC турнирі өтеді. Оған кәсіби және әуесқой спортшылар қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода 3 тамызда Сайран көлінде басталады. Оған Азия мен әлемнің 40-тан астам елінен 130 кәсіби триатлет қатысады.

ASTC Asian Cup - кубогін Азиялық конфедерация мен триатлонның халықаралық одағы (ASTC) ұйымдастырып жатыр. Жарысқа Elite категориясы бар барлық спортшы қатыса алады. 4 тамызда қызығушылық танытқан 18 жастан жоғары AGE категориялы спортшылар арасында чемпионат басталады. Олар бүгіннен бастап мына сайтқа тіркеле алады.

Сонымен қатар, Age Group категориясына командамен өтуге рұқсат етілген. Топ екі немесе үш адамнан құралады.

«Тағы бір айта кетерлігі, жарысқа қатысушылар санына шектеу қойылған. Жарыста 220 атлет пен 30 команда бақ сынайды», - деді Алматы триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Когай.

Asian Cup турнирінде кәсіби спортшылар 1500 метр жүзіп, велосипедпен 20 шақырым, 5 шақырым жүгіріп жарыспақ. Ал әуесқойлар алдымен 750 метр қашықтықты жүзіп, велосипедпен 40 шақырым, ары қарай 10 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс.

Әуесқой триатлон шарттарымен ресми сайтта танысуға болады. Толық ақпарат жарыс жақындағанда жарияланады.

Триатлон - үш кезеңнен тұратын өзіндік ерекшелгі бар спорт түрі. Триатлон 2000 жылдан бері Олимпиа ойындарының бағдарламасына енгізілген. Бұл спорт түрі Қазақстанның барлық аймағында қарқынды дамып келеді. 2019 жылы 18 республикалық және халықаралық дәрежеде түрлі жарыстар өткізу жоспарланып отыр.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай