Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

2019 жылдың 17 қаңтар 2019 17:13 756

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 қаңтар күні сағат 16-05-те Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында, «Алатау» шипажайының ашық аумағына «Sky Service» әуе компаниясының жеке меншігіндегі Еврокоптер-130 тікұшағы құлады. Тікұшақ өртенген жоқ. 1968 жылы дүниеге келген ұшқыш жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы көлі бағытында ұшып бара жатқан», - деді ресми өкіл.

Азаматтық авиация комитетінің мəліметінше, тікұшақта бір ғана адам, яғни ұшқыш Валентин Шитов болған. 



Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тарапынан тексеру амалы басталған.

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай