Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматыда теннистен Қазақстанның 5-ші жазғы спартакиадасы өтіп жатыр

2019 жылдың 6 тамыз 2019 15:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы ЦСКА теннис орталығында 14 жастан жоғары спортшылар арасында теннистен Қазақстанның V жазғы спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы аптада Нұр Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 100-ден астам теннисшілер өзара сынға түсіп, мықтылар анықталады.

Қатысушылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен атақты спортшылар бар. Атап айтсақ, Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Дастанбек Ташбұлатов, Тимофей Скатов, Анна Данилина, Дарья Детковская, Елизавета Карлова, Гозал Айнитдинова,Жібек Кұлмабаева және басқалар.

«Жазғы теннис ойындары - бұл біздің спортшылар үшін «кіші олимпиада».Теннистің 4 жылда бір рет өтетін, ірі жарыстарда ұсынылатын 40 спорт түріне енгені қуантады»,-дейді ҚР теннис федерациясының Алматы филиалы директорының орынбасары Андрей Квасов.

Алматы қалалық спорт басқармасының бөлім бастығы Әлия Смақова жыл сайын спортшылар мен теннис әуесқойларының санының өсіп келе жатқанын айтты.Ол қатысушыларды спорт мерекесімен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі.

10 тамызда Алматыда барлық спорт түрлерінен V жазғы спартакиаданың жабылу рәсімі өтеді.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Жоғары қарай