Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Алматыда тегін сырғанау алаңдары ашылады

2017 жылдың 20 қараша 2017 13:51 871

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президенті саябағының алдында 850 шаршы метрлік жаңа мұз айдыны салынуда . Ол алматылықтар мен қала қонақтары үшін тәулік бойы тегін жұмыс істейді. 

Бұл жобаның ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі, деп xабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық xабқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта, мұз айдында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жақында оның салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Айта кетсек, мұндай алаңдар қарашаның соңына дейін Жібек жолы - Абылай хан, Әл Фараби - Ремизовка, Жандосов - Шаймерденова көшелерінің қиылысында, «Март» сауда орталығының жанында және Жетісу ауданы әкімдігінің маңында ашылады. Осы туралы мұз айдындардың құрылысымен айналысатын Aksays Arena компаниясының жетекшісі Мұxамеджан Өсер айтты.

«Ашық мұз айдынын жасау 10 күндей уақытты қажет етеді. Барлық қалаушылардың кез келген уақытта өз конькилерімен келіп, тегін сырғанауға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, 10.00-23.00 уақыт аралығында келушілер үшін тамақтану дүкендері, конькилерді жалға алу орталықтары жұмыс істейді. Олардың бағасы да қолжетімді болады. Басқа мұз айдындарымен салыстырғанда конькиді 2 сағатқа жалға алу 500-600 теңгеден аспайды. Қазір мұздатқыш құрылғыларды күтудеміз, оны іске қосқан соң мұздатуды бастаймыз»,- деді Мұхамеджан Өсер.

Оның айтуынша, бұл мұз айдындары жаппай сырғанауға, шорт-трек, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлерін қала тұрғындары арасында дамытуға бағытталған. Тегін сырғанау алаңдары қыс мезгілінің соңына дейін істейді.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Мәдениет,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай