Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Алматыда тасымалдаушы компаниялар «Сергек» айыппұлын төлемейді

2020 жылдың 27 ақпан 2020 21:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Сергектің» жол тасымалдаушыларына салған айыппұлы заңсыз деп танылды. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлер палатасына осы тақырыпта тасымалдаушы компаниялардан ұжымдық шағым түскен.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап автотасымалдаушылардың атына қоғамдық көлікке арналған жолдарда жүргені үшін айыппұл түсе бастаған.

Тасымалдаушылар тұрақты және тұрақсыз тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Тұрақты тасымалдаушылар – қоғамдық көліктер. Тұрақсыз тасымалдаушылар белгілі бір маршрутсыз жолаушы тасымалдайтын автобустар болып табылады. Айыппұлдар тұрақсыз тасымалдаушы компанияларға түскен. Заңға сәйкес оларға автобус жолағын пайдалануға тыйым салынды деген нақты бап жоқ.

«Осы мәселемен барлығы 7 кәсіпкер жүгінді. Оларға 160 мың теңгеден астам сомаға 21 ұйғарым жолданған. Тасымалдаушылар ұсынылған талаптармен келіспеді. Алайда олар есепшоттарын жабудан қорқып айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Кәсіпкерлер уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер әкімшілік полиция бөліміне сұрау жіберген, жіберілген мекемеден жауап алынды. Бұл хатта «тыйым салынған көлік құралдарына арналған жолдарда ... қозғалыс болмайды және осы жолда басқа көлік құралдарының тоқтауына болмайды» және «қоғамдық жолда жүруге рұқсат беру заңда көзделмеген» деген жауап келді. Тұрақсыз тасымалдаушы автобустың нөмірлері базаларға енгізілмеген және айыппұлдар жойылған жоқ», - деді кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Мәселені зерделей отырып, Палата сарапшылары Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасынан түскен нұсқамаларды заңсыз, негізсіз, бизнеске әкімшілік қысым көрсететін және әкімшілік тосқауыл деп бағалады.

Палата Алматы қаласының прокуратурасына уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жан-жақты зерделеу бойынша жұмыс жүргізу және жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен хат жолдады.

Нәтижесінде ҚР ІІМ араласуымен автотасымалдаушыларға қатысты айыппұлдар жойылып, оларға қоғамдық көлік үшін жолдарды пайдалануға рұқсат етілетін болды.


Жоғары қарай