Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматыда тапаншамен аспанға бірнеше рет оқ атқан ер адам ұсталды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 19:07

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматыдағы 28 гвардиялық- панфиловшылар атындағы саябақта белгісіз ер адам тапаншамен аспанға оқ атты. Бұл туралы Алматы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медеу ауданының полиция басқармасының тергеу бөлімі бұзақылық және қаруды заңсыз алу, сақтау және алып жүру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Бүгін таңертең 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта ер адам тапаншадан ауаға бірнеше рет оқ атқан. Ол өзінің осындай іс-әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзды.Сондай-ақ, айналасындағыларға қауіп тудырды. Күдікті Б ұсталды. Ол 1994 жылы туған. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның кімге тиесілі және кімнің атына тіркелгені анықталады. Сондай-ақ басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. ҚР ҚК 287-бап, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі»,- дейді Алматы қалалық ПД Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктінің Алматы қаласының аумағында басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексереді.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай