Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Алматыда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты ашылды

2018 жылдың 19 тамыз 2018 13:26 321

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Аренада футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты салатанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің ашылу салтанатына Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, FISU вице-президенті Мариан Дымальски, Алматы қаласының басшылығы, белгілі спортшылар, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек чемпионатты салтанатты түрде ашық деп жариялады. Төреші Талғат Досмұхамедов пен Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Біржан Оразов спортшылар атынан әділ күрес туралы ант берді.


ХАТУ ректоры, Ұлттық студенттер лигасының президенті Дамир Шыныбековтің айтуынша, 16 жылдан бері Студенттер әлем чемпионатына қатысушылардың саны рекордтық межеге жеткен: биыл турнирге 17 елден 25 команда, 454 студент қатысып отыр.

FISU вице-президенті Мариан Дымальски Алматы спорт жарыстарын үнемі жоғары дейгейде ұйымдастыратынын айтып, осы турнир де тамаша өтетініне сенім білдірді.

Ашылу салтанатына қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып жатыр. Шараның басында 2014 жылғы Олимпиаданың қол жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған қойылым көрсетілді.

 

Басты сөздер: КАЗМЕДИА, Спорт, Алматы,
Жоғары қарай