Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматыда «Сергек» он бес күнде 53 миллион теңгеге айыппұл салды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Сергек» камералары он бес күнде 53 миллион теңге көлеміндегі жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазірдің өзінде шамамен 53 миллион теңгеге 3200-ден астам заңбұзушылық анықталды. Күніне орта есеппен 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркеледі», - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, қалада 400 «Сергек» камерасы бар. Оның 300-і жоғары жылдамдықты, қалған 100-і сызықтық режімде жұмыс істейді.

«Яғни, бұзушылықтардың басым бөлігі жоғары жылдамдық режімінде тіркеледі», - деп қосты ол.

Бұған дейін мегополис көшелерінде 400 жаңа камера іске қосылғаны туралы жазған болатынбыз.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай