Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алматыда сенаторлар ұшақ апатынан зардап шеккендердің халін білді

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 18:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Динар Нүкетаева мен Нұртөре Жүсіп «Bek Air» ұшағының апатынан жарақат алған науқастардың халін білу үшін №4 қалалық ауруханаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлар науқастармен тілдесе отырып, оқиғаның мән-жайын анықтау депутаттардың бақылауында екендігін жеткізді.

Қазір жалпы 9 адам Алматы облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында емделіп жатыр. Алматының №4 ауруханасында 4 зардап шегуші ем-дом қабылдауда.

Ауруханада жатқан науқастардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр.





Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Алматы-Нұр-Сұлтан» рейсін орындамақ болған «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақ Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырағаны мәлім болды. Салдарынан 12 адам қаза тапты, 69 жолаушы зардап шекті, оның 9-ы – балалар.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілді.

10 қаңтар күні елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады. Сондай-ақ пилоттардың өзара әңгімесінің хронологиясын жариялады.


Жоғары қарай