Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Алматыда сел қаупі сейілді

2019 жылдың 14 тамыз 2019 17:22 92

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары үшін сел қаупі сейілді. Қарғалы өзенінің арнасында су штаттық режімде ағып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы әуе барлау нәтижесі бойынша №1 мұз көлінде су деңгейі 6-7 метрге төмендегені анықталды. 20-25 мың текше метр су ағызылған.

«Қазселденқорғау» МК мамандарының айтуынша, бұл су басуды тасқын деп қарастыруға болмайды. Өйткені, тас, құм, лай болған жоқ. Судың лайлылығы төмендеп келеді. Наурызбай, Алатау, Әуезов аудандарында бақылау мен қауіпсіздік шаралары үшін арнайы жұмыскерлер мен техника күзетке тұрады», - деді ТЖК баспасөз қызметі.

Қарғалы өзенінің ағыны штаттық режімге көшті. Плотина аймағында ахуалды «Қазселденқорғау» МК мамандары бақылап отыр. Бөгеттен төмен Алатау ауданына дейін ТЖД мамандарының қарауында.

Аулаларды, көшелерді су басу жағдайлары тіркелмеді.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Су тасқыны, Алматы,
Жоғары қарай