Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Алматыда полиция көлігі өртенді

2018 жылдың 25 қазан 2018 16:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай Майлин мен Хмельницкий көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысына тіркелген «Дэу Нексиа» көлігі түскі сағат 12:50-лер шамасында өздігінен тұтана бастаған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 6 минутта сөндірді.

Қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.

Осыған дейін Алматыда дәмхана өртеніп, оның салдарынан сол маңдағы көліктер мен ғимараттар зақымданғандығын хабарлаған болатынбыз.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Көлік,
Жоғары қарай