Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Алматыда полицейлерге шабуылдады деген күдікпен екі адам ұсталды

2019 жылдың 11 сәуір 2019 20:29 659

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі полицейді пышақпен жаралады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдіктілердің екеуі де өткен түнде ұсталған.

«1993 жылы туған азамат Б. және 1994 жылы туған азамат О.-ны қаланың қылмыстық полиция қызметкерлері ұстады. Күдіктілердің бірі ел аумағынан шығып, көрші республикаға барып жасырынбақ болған», - дейді ПД өкілдері.

Полицияның мәлімдеуінше, күдіктілер мініп жүрген «Subaru» маркалы автокөлік табылып, қылмыстық іс материалдарына қосылған.

Еске сала кетейік, Наурызбай аудандық полиция басқармасының екі жедел уәкілі - полиция аға лейтенанты Мухиддинов А.К. және полиция капитаны Қожаев А.С. жекеменшік тасымалдаушыға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау кезінде пышақтан жараланған болатын. Іс фигуранттарының екеуі арнауйы жоспар аясында бес сағаттың ішінде ұсталған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Автор: Еламан Тұрысбеков

 

 

Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес, Оқиға,
Жоғары қарай