Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматыда полицейлер көліктердің бірін тексеру кезінде граната тауып алды

2019 жылдың 8 сәуір 2019 22:04 521

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы көліктердің бірінен әскери қару тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полицияның хабарлауынша, күдіктілерді «Боран-154» экипажы ұстап алған.

«Біздің полиция Торайғыров көшесінде күдік туғызған «Мицубиси» көлігін тоқтатқан. Салонда болған екі ер адам бізді қашықта ұстауға тырысқан. Көлікті тексеру туралы ұсыныс айтылғанда, жүргізуші қаша жөнелген. Қашып бара жатып, олардың біреуі өзенге барсеткаға ұқсас зат лақтырып жіберді. Мен ол жерді шамамен жадымда сақтап қалдым да, қашқынның ізіне түстім. Күдіктіні ұстап көлікке отырғыздық. Сосын өзен жақтан лақтырылған затты тауып келдім. Ішінде екі травматикалық тапанша бар болып шықты. Көліктің багажында басқа көліктің мемлекеттік нөмірі табылды», - деді Жол патруль полициясының инспекторы Бауыржан Жексенбиев.

Ұсталғандар Бостандық аудандық Полиция департаментіне жеткізілді. Тәркіленген қарулар баллистикалық сараптамаға жіберілді.

«Дәл осы түні Әуезов ауданы территориясында  «Боран-086» полиция экипажы күдік туғызған «Мерседес Бенц-180» көлігін тексермек болған. Бұл көліктің алдында мемлекеттік нөмірі болмаған. Тексеру кезінде көліктің салонынан гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының өкілдері келді. Көлік қоршалды. Саперлер тобы оқыту мақсатындағы тартқышы жоқ Ф-1 гранатасын тауып алған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді", - деді Жол патруль полициясы полкінің командирі Манап Саттаров.

Қалалық полиция 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап халықтың арасындағы әскери қаруды сатып алу науқанының басталатынын ескертті.

 

Иллюстрациялық фото

Жоғары қарай