Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 327.89
EUR 400.91
RUB 5.81
CNY 50.92

Алматыда өртенген пәтерден ер адамның денесі табылды

2018 жылдың 14 қаңтар 2018 14:15 823

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көқабатты үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды. Екі адам ыстан уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысының айтуынша, өрт Әуезов ауданы Сүлейменов 26 А мекенжайындағы 4 қабатты ғимараттың 4-қабатындағы пәтерден шыққан.

Өрт сөндірушілер 6 минутта жетіп, қою түтін арасынан өртенген пәтер ішінен әйел адамды алып шығып жедел жәрдем бригадасына табыстады.

Көліктердің көптігінен өрт сөндірушілерге ғимаратқа автобаспалдақ орнату қиынға соқты.

Тексеру кезінде ер адамның мүрдесі табылды. 20 адам, оның ішінде 1 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Ыстан уланған екі адам ауруханаға жеткізілді.

Өрт пәтердегі тұрмыстық заттардың тұтануынан болғаны анықталды.

Аумағы 15 шаршы метр жерді шарпыған тілсіз жау 12:15-те сөндірілді.

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай