Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматыда онлайн режимде квест-ойын өтеді

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 12:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15 қыркүйек күні алматылықтар қала күнін тойлайды. Шара аясында шаһар көшелерінде ALMAQUEST квесті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ALMAQUEST — екі кезеңнен тұратын мәдени шара.Оған ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады.

Ол үшін almaquest.kz сайтында тіркелу қажет. Финалдық ойынға ұпай санын еселеуге үлес қосатын тестілеуден өтуге болады (міндетті емес). Бұл Алматы көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы өтуге арналған квест.

Аlma Quest — бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі. Таңғажайып және көңілді командалық спорт ойыны. Ойынның мәні — қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше жылдам табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында мәреге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, мұндағы адамдар туралы қызықты мәліметтерді пайдалануға болады.

Ойын онлайн режимінде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефонға түседі.

Қатысу ережелері, шараның басталуы, аяқталуы және сыйлық қоры туралы ақпаратты almaquest.kz сайтынан алуға болады.

Жоғары қарай