Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматыда өңірлердегі белсенді азаматтардың басын қосқан жиын өтті

2019 жылдың 15 қараша 2019 16:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Еліміздің 14 аймағында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне үміткерлер іріктелуде. Жоба даму деңгейі, тұрғындар саны және әртүрлі әлеуметтік топтардың қамтылуы бойынша ерекшеленетін қалалар мен аудандарда пилоттық режимде жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі мақсат – әртүрлі саладағы белсенді азаматтарды анықтау және жинақталған тәжірибені ескере отырып, партиялық іріктеуді өткізу тәртібін жетілдіру. «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне 800-ге жуық үміткер тіркелген, олардың 30% әйелдер, тағы 30% 35 жасқа дейінгі азаматтар, олардың ішінде көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар да бар.

Пилоттық іріктеу аясында үміткерлер өз бағдарламасымен қоғамдық пікірсайыстарға қатысады. Келесі кезең – партия мүшелерінің арасында дауыс беру, соның негізінде «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне қабылдау үшін ең үздік үмтікерлер таңдалады

Сонымен, Ақмола облысының Есіл ауданында өткен партиялық резервке үміткерлердің ауыл тұрғындарымен кездесуінде жұмыс орындарын құру, сумен жабдықтау желісі және Интернеттің баяулығы жайындағы сұрақтар көтерілді. Қызылорда облысының Сырдария ауданында партия мүшелері балаларға арналған спорт алаңдары мен дамыту орталықтарының жетіспеушілігін шешуге ниеттеніп отыр.

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында үміткерлер жолдарды жөндеу және ауылдардағы кәсіпкерлікті дамыту тақырыбына тоқталды. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында мектептердегі оқушыларға орынның жетіспеушілігі, кітапханалар ашу және ауыл тұрғындарының деңгейін көтеру туралы сұрақтар көтерілді.

Айта кету керек, үміткерлердің ішінде ауылшаруашылық саласының өкілдері, қоғам белсенділері, ауыл мектептерінің мұғалімдері, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер және т.б. бар.

Қарағанды облысындағы белсенді үміткерлердің бірі – Абай ауданының тұрғыны Елена Сутягина болды.

«Мен қызметімді мектепте физика-математика мұғалімі болып бастадым. Кейін әйелдерді түзеу мекемесінің директоры болып ұзақ уақыт істедім. Тағдыры тәлкекке ұшыраған талай қыздың басындағы қиын жағдайды көзіммен көрдім. Біреулерінің ата-аналары жоқ, ал біреулерге дұрыс көңіл бөлініп, жақсы тәрбие берілмеген. Адам тағдырына әсер ететін көптеген аспектілер бар, олардың ішіндегі ең маңыздысы – отбасы.

Адам жұмыстан келгенде мектепте оқитын балалары сағынып күтіп отыратын жылы үйі болса, кешкісін олармен саябаққа қыдыруға шықса, міне – өмір сүруге жасалған қолайлы жағдай деген осы. Менің ойымша, «Nur Otan» партиясы – осы жағдайлардың шешімін таба алатын басты құрал. Өмірімізді жақсы жаққа бірге өзгертейік», - деді ол.

Өз кезегінде партиялық кадр резервінің тағы бір үміткері Татьяна Титовская «Nur Otan» партиясы белсенді азаматтардың ойын айта алуы үшін өз алаңын ұсынғанына ризашылығын білдірді.

«Кейбіреулер бізде барлығы жаман дейді. Олай болса, жақсартайық. Барлығы іске алғысыз ба? Келіңіз, дұрыстайық! Осыларды айту үшін партия бізге алаң ұсынып отыр. Ол үшін партиялық кадр резервіне үміткерлер таңдап жатыр. Біз Абай ауданының алыс ауылдарының тұрғындарымен ондаған кездесулер өткізіп үлгердік. Жұртты тыңдап, оларды алаңдатқан мәселелерді білдік. Партияның қолдауымен біз олардың шешімін табамыз», - деп атап өтті Татьяна Титовская.

Жоғары қарай