Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Алматыда оқушыны пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды

2019 жылдың 22 қараша 2019 12:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мектеп оқушысына пышақ кезеп қорқытқан күдікті аула сыпырушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Баланың заңды өкілдерінің қатысуымен өткен бетпе-бет кездесуде қыз бала 50 жастағы ер адамды таныды. Ол Орбита шағын ауданында ауал сыпырушы болып жұмыс жасайды, сол ауданда жертөледе тұрады. Сол күні ол таңертең мас күйінде дүкенге бара жатқанда қыз баланы көрген. Алайда, күдікті қызды пышақпен қорқытқысы келмегенін айтты. Ол қалтасынан телефон шығармақ болған едім деп ақталды. Тараптардың жауаптары міндетті түрде процесуалды тәртіпте тексерілетін болады», - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Еске салсақ, Алматыда мектеп оқушысын белгісіз адам пышақпен қорқытқаны туралы және ол адамның іздестірілуде екенін хабарлаған едік.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай