Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматыда мектеп мұғалімі мен меңгерушінің әрекетіне қатысты тексеру басталды

2019 жылдың 11 маусым 2019 15:55 1249

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы мектеп мұғалімі мен оқу ісі бойынша меңгерушінің өрескел қылығына қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10 маусымда № 160 жалпы білім беретін мектеп жанында болған.

Әлеуметтік желіге тараған видеокөріністе мектеп директорының орынбасары мен педагог мас күйінде мектеп жанында жүрген балаларды балағаттап, тиісе бастаған.

«Бұл оқу ісінің меңгерушісі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Олар мектеп маңында жүрген екі баланы ұрып, ата-аналары келгенше оқиға орнынан кетіп қалған», - делінген видеоның сипатамасында.

Бұл оқиғаға байланысты №160 мектеп басшылығы түсінік берді.

Мектеп директоры Гүлнар Дәулетованың айтуынша, педагогтар 1 маусымнан бері еңбек демалысына жіберілген.

«ҚР Еңбек кодексіне байланысты болған оқиғаға бейнетүсірілімдегі тұлғалар өздері жауап беруі тиіс. Өйткені, біріншіден олар еңбек демалысында. Екіншіден, бұл оқиға мектеп территориясында болған жоқ. Қай жақта болғанын білмеймін. Иә, мектеп басшылығы жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл қызметкерлерге қатысты шара қолдану мәселесі олар тек еңбек демалысынан шыққан соң ғана қолға алынбақ», - деді Гүлнар Дәулетова.

Ал  жапа шеккен балалардың ата-аналары полицияға арызданып үлгерді.

«Бұл дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасына арыз түсті. Қазір  мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Барлық заң талаптарына сай тиісті шара қабылданатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Можете выложить у себя на странице ,эти двое мужчин работники школы 160 г Алматы ,мкр Карасу! Пьяные! Это завуч и физрук школы ,они возле школы побили двух школьников и ушли оттуда ,после приехали родители этих школьников! Да, г. Алматы, Алатауский район @akimat_almaty @qriim_mvdrk 10 июня 2019 года несколько ребят гуляли около школы. Затем появились два мужчины в нетрезвом состоянии и начали приставать к детям. Пинать мопеды, пинать самих детей, одного даже ударили по лицу. Дети позвали на помощь родителей. Как выяснилось немного позже, эти два мужчины работники школы номер 160 Алатауского района. В футболке учитель физкультуры, а в костюме завуч по учебно-воспитательной работе.

Публикация от Kris P Almaty (@kris_p_brothers_official) 10 Июн 2019 в 9:45 PDT

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай