Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматыда қылмыс саны өсті - Бас прокуратура

2019 жылдың 8 сәуір 2019 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласында қылмыстардың көбейгенін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, еліміздің үш ірі мегаполисінде қылмыстың деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары. Себебі ол қалаларда xалық көп. "Дегенмен, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстың деңгейі 15 процентке азайды. Ал Алматы сияқты мегаполисте қылмыстың саны өсіп отыр", - деді М.Аxметжанов елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан, Маңғыстау мен Жамбыл облыстарында қылмыстың деңгейі төмен деңгейде. "Жалпы, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 6330 адам сотталды. Олардың ішінде адам өлтірген 167 қылмыскер, адам денсаулығына қатты залал келтірген 546 қылмыскер, адам зорлаған 45 қылмыскер, 120 есірткі сатушы, 365 алаяқ, 600 қарақшы, 977 ұры мен ұрланған заттарды сатып алумен айналысқан 15 адам бар", - деп атап көрсетті М.Аxметжанов.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Бас прокурордың орынбасары әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Белгісіз біреу ірі көлемде ақша жымқырған Бергей Рысқалиев Ұлыбританияда жүргенін түсіріп алыпты.

Бұдан бөлек, М.Аxметжанов малды 20 рет ұрлаған барымташылардың ұсталғанын мәлімдеді.

Жоғары қарай