Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Алматыда коронавирустан жазылған тағы екі пациент ауруханадан шықты.

2020 жылдың 28 наурыз 2020 23:22

«Бүгін ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасынан екі ер адам емделіп шықты. Біреуі 1962 жылғы ер адам. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы бағытындағы чартерлік рейспен келген. Екіншісі – 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келген 1995 жылғы азамат», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі уақытта қалада бес пациент жазылып шықты, олардың бірі 12 жастағы жасөспірім.

Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.

Басты сөздер:
Жоғары қарай