Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Алматыда коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы төлене бастады

2020 жылдың 10 сәуір 2020 11:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы төлене бастады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«500-ден астам дәрігер, 1 700 астам орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері төлемдерді алуда. Жалпы алғанда, 965 млн теңге көлеміндегі үстемақыны 3 557 медицина қызметкері алады», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, ол есептеу 3 санат бойынша жүргізілетінін атап өтті. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері бірінші санат бойынша төлем алатын болды.

Бұған дейін, Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігерлері үстемақыға қатысты шағымданған болатын. Көп ұзамай олардың шағымына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді.



Жоғары қарай