Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Алматыда көпқабатты үй өртенді

2019 жылдың 10 тамыз 2019 21:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 тамыз күні сағат 18:19-да »101« пультіне Алматы қаласының Бостандық ауданы М.Әуезов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Анықталғандай, өрт тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан »Рики-Тики« дүкенінен шыққан. Жалын екінші және үшінші қабатта орналасқан пәтерлердің балкондарына және жартылай үйдің шатырына тараған. От шарпыған аумақ 40 шарты метрді құрайды. Құтқарушылардың жедел әрекетімен тілсіз жау сағат 18:49-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығу себебі – кондиционердің электрсымының ақауы.

Жалынмен күреске жеке құрамның 33 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды.





Жоғары қарай