Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда «Көктөбе Opera -2019» ашық аспан астындағы музыка кеші өтеді

2019 жылдың 14 тамыз 2019 02:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда маңызды мәдени шаралардың біріне айналған «Көктөбе Opera - 2019» фестивалі биыл 4-ші рет өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктөбе Opera – Алматыдағы ең айшықты мәдени шаралардың бірі. Музыка фестивалінде ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен еліміздің опера және балет жұлдыздары әлемнің классикалық ең үздік туындыларын орындайды. Опера жанрының талғампаз тыңдарманы бұл кеште фестивальдің басты қонағы Иван Дефабианидің өнерін тамашалайды.

Биылғы фестиваль қала күніне тарту ретінде арнайы ұйымдастырылып отыр.

Кеш Көктөбеде 24 тамыз күні сағат 20.00-де басталады.

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Аймақ,
Жоғары қарай