Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Алматыда «Қазақстанның үздік тауарының» жеңімпаздары анықталды

2019 жылдың 12 шілде 2019 18:50 499

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполистің өндіріс орындарында 45 мыңнан астам адам еңбек етеді. Күрделі экономикалық және жаһандық өзгерістерге қарамастан қала өнеркәсібі 5,3%-ке өскен. Тек жартыжылдықта  398,7 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Қала экономикасы шикізаттық емес және ғылыми әлеуеттерге негізделген. Өндірістік құрылымның үштен екісі өнім өңдеумен айналысады.

«Көптеген заттарды біз өзіміз жасай аламыз. Қаланың ІЖӨ 40%-ы шағын және орта бизнеске тиесілі, салықтың 50% сіздерден түседі. Біз сіздердің кез - келген бастамаларыңызға қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев.


null 

2019 жылдың  5 айында өңдеу өнеркәсібіне жұмсалған инвестиция көлемі 14,1 млрд теңгені құрады.

«Біз бұдан былай да еңбек өнімділігін арттырып, экспортқа және инновациялық дамуға негізделген кәсіпкерлікті дамытатын боламыз. Бүгінгі күні біз кәсіпкерлерді жаңа әрі сапалы өнімдер шығаруға, модернизация мен техникалық жарақтануға инвестиция бөлуге шақырамыз»,- деді қала басшысы.

Алматылық кәсіпкерлер «Индустрияландыру картасы», «бизнестің жол картасы», өңірлік «Жібек жолы» бағдарламалары аясында мемлекет тарапынан қолдау көріп келеді. Жергілікті өнім өндірушілер мемлекеттік тапсырыспен қамтылуда.

Алдағы күз айында «Almaty Invest 2019» форумы өтеді, онда арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық жағдайы және қолдау көрсету тетіктері талқыланады.

Көрмені ұйымдастырушылар биылғы жылы байқауға қатысқандар арасында өнімдердің технологиялық түрлері мен сервистік блок тауарларын ұсынушылар қатарының артқанын атап өтті.


null 

null 

null 

null 

Байқауға 72 компания қатысты, оның ішінен 9 кәсіпорын үздік атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

Айта кетсек, «Қазақстанның үздік тауары» байқауы 2006 жылдан бастап өткізіліп келеді.



null 

 

Жоғары қарай