Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыда карантин режимін бұзған Өзбекстанның үш азаматы ұсталды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантин режимін бұзған Өзбекстаның үш азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақышыларының айтуынша, қалада төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтушілер әлі де бар.

«Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Бұрындай ықшамауданында орналасқан №3 бекетті айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, олар Алматыға жұмыс іздеп келген. Айтуларынша, карантин туралы білмеген. Әрине, бұл жауапкершіліктен босатпайды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы бойынша (төтенше жағдай тәртібін бұзу) әкімшілік жауапқа тартты және олар әкімшілік қамауға алынды», - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Заң, Алматы,
Жоғары қарай