Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаған топ ұсталды

2019 жылдың 1 қазан 2019 17:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған төрт күдіктінің біреуі әйел. Олар қалада пәтер жалдап, интим қызмет көрсететін еркектерге қоңырау шалып, пәтерге шақырған. Кейін оны бәрі жабылып ұрып-соғып, ақшасын, бағалы заттарын тартып алған.

«Күдіктілер қонақтарын жалға алынған пәтерге шақырып отырған. Күш көрсету арқылы олардың құнды заттарын: ақша, ұялы телефондар, зергерлік бұйымдарын тартып алған. Қарақшылар жыныстық қызмет көрсететін еркектер полицияға бармайды деп ойласа керек. Олардың қалада жасаған осындай 4 эпизоды дәлелденді. Күдіктілердің екеуі бұрын біреудің мүлікін қолды еткендері үшін жауапқа тартылған. Ең жасы үлкені қыз, ол 27 жаста, қалған қатысушылар 1998, 1999 және 2000 жылы туғандар. Олар Алматыға Қазақстаның басқа облыстарынан келген. Сондай-ақ, еш жерде жұмыс істемейді. Олар ақшаны осындай қылмыстық жолмен табуды шешкен»-дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр

Қазір олардың барлығы тергеу изоляторында, ҚР ҚК 190 бабының 2-бөлігі – қарақшылық қылмысы бойынша айыпталушы ретінде сот отырысын күтуде.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай