Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Алматыда Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы аталып өтті

2019 жылдың 15 қазан 2019 17:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




Жыр жампозы Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеште Бақытжан Сағынтаевтың атынан ақынның ұрпақтарына құттықтау хат табыс етілді.

Хатта І. Жансүгіровтің қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің жарық жұлдызы екені жазылған.

Салтанатты шарада Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев сынды өнер жұлдыздары ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбль де өнер көрсетті.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әдебиет, Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай