Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 09:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда аталған екі қаржы ұйымының өңірлік директорларын қаржылық пирамида құрды деген күдікпен полиция тұтқындады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының мәліметтері бойынша, жедел-іздестіру жұмыстарының барысында «Гарант 24 Ломбард» және «Estate Ломбард» сияқты ұйымдардың директорлары тұтқындалды. Оларға қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған салымшыларды тартты деген күдік келтіріліп отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған қаржы ұйымдары өткен жылдың соңынан бастап әрекет ете бастаған. Олар салымшыларды өз ұйымына қаржы салған жағдайда қомақты қаржы табатындарына сендіріп, нәтижесінде бөтеннің мүлкін қылмыстық жолмен иемденіп алған. Қазіргі таңда аталған қылмысты ұйымдастырушылар ҚР ҚПК-нің 128 бабы бойынша тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осыған дейін қызылордалық полицейлердің қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғағандығы, Шығыс Қазақстан облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС салымшылары 52,5 млн теңгесінен айырылғандығы және «Гарант 24 Ломбард» ұйымының Тараз бөлімшесінің директоры ұсталғандығы жазылған болатын.



Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай