Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматыда ер адамды көлік қағып кетті

2019 жылдың 9 тамыз 2019 16:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік қағып кеткен ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 тамыз күні кешкі сағат 21:38-де Рысқұлов даңғылында орын алды. Дәлірек айтқанда, Кудерин мен Тілендиев көшелерінің арасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Тойота көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан бірнеше ондаған метр жерде өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

«Ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде нейрохирургия бөліміне жатқызылды, қазір оның жағдайы орташа ауыр»,-деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай