Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда элиталық үйлердің иелері салықтан жалтарып жүр

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 09:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда элиталық үйлердің иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз. Бұл туралы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл үйлер Медеу ауданындағы Достық, Қыз Жібек, Оңдасынов, Горная, Көктөбе, Горный гигант шағын аудандарында орналасқан.

Бүгінде олардың салықтық берешегі 34 млн теңгеге жетті.

Мәселен, Қыз-жібек көшесінде орналасқан аумағы 750 шаршы метр болатын құны 95 млн теңге коттедждің қожайыны 1,5 млн теңге салық төлемеген.

«Мұндай борышкерлер өте көп. Бұл істердің көпшілігі сотқа бағытталды.

Егер олар қарыздарын келер аптаның соңына дейін төлемеген жағдайда, салық органдары олардың аттарын БАҚ арқылы жариялауға мәжбүр болады. Бұл тізімде атақты адамдар бар. Жеке тұлғаның салықтық борышы салық құпиясы болып саналмайды. Қазақстанда 13 тамыздан бастап салық рақымшылығы басталды.

Негізгі қарыз төленген жағдайда үстіндегі өсімақысы кешіріледі»,- деді салық органдарынан.


Жоғары қарай